Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елімізде ШЫҰ экономикалық -сараптамалық орталығының ашылуы күтілмек

AstanaTV
04.05.2018ж. 20:00
2147
Елімізде ШЫҰ экономикалық -сараптамалық орталығының ашылуы күтілмек

Шанхай ынтамақтастық ұйымы Қазақстанда ірі сараптамалық орталық ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астанада өткен аталған ұйым Форумының 13-ші жиынында белгілі болды. Бұл орталықта «Үлкен еуразиялық сегіздіктің» барлық сарапшылары жұмыс істейді деп жоспарланған. Негізінен ШЫҰ аясындағы экономикалық мәселелер қамтылады. Тәжікстандық делегат Худоберди Холикназардың сөзінше, беделді ұйым көтеретін сұрақтар талқыланатын осындай алаң ауадай қажет. Ұйым мүшелері, алдағы жазда Қытайдың Циндао қаласында өтетін саммитте орталықты ашу жайы нақты құпталатынын айтады.

Худоберди Холикназар, Тәжікстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығының директоры:

Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан экономикалық-сраптамалық талқылау алаңы орталығын ашу идеясын ұсынған. Бұл маңызды бастама маусым айында құптаталады деген үміттеміз. Негізгі ұйым Астанада немесе Алматыда орналасуы мүмкін. 

Бүгінгі форумға Қытай, Ресей, Үндістан, Иран, Беларусь және Орталық Азия мемлекеттерінен делегаттар қатысты. Олар ұйымның келешегі мен қауіпсіздік мәселесі, экономикалық даму бойынша атқарылатын ортақ міндеттерді талқылады.