Әзірбайжан
Таулы қарабақ шиеленісін реттеу бойынша келіссөз жүргізуге дайын. Мұны РИА
Новости, сыртқы істер министрінің ресми өкілі Хикмет Гаджиевке сілтеме жасап, хабарлады. Оның айтуынша, Баку "Армения бұрынғы басшылардың қателігін
қайталамайды" деп сенеді. Бұл мәлімдеме 8 мамыр күні Армения премьері
болып сайланған Никол Пашинянның Таулы қарабақ шиеленісін реттеу туралы
келіссөз өткізетінін уәде еткеннен кейін айтылды. Бірақ ол бітімге
мойындалмаған ел өкілдері қатысуы тиіс деген шарт қойған болатын. Қақтығыс 1988
жылдан бері жалғасып келеді. Сол кезде Таулы Қарабақ халқы Әзірбайжаннан
бөлінетінін мәлімдеп, үш жылдан соң Таулы Қарабақ республикасы құрылғанын
жариялады. 1992 жылдан бері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының
Минск тобы аясында келіссөздер жүргізіліп келеді. Баку оны өз бақылауынан
шығарғысы жоқ, ал Ереван мойындалмаған елдің мүддесін қорғап келеді.