"Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік идеологияны насихаттайтын аудио және бейнежазбаларды таратты" деген күдікпен 8 адам ұсталды. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, олар бүгін Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірлескен жедел іздестіру шарасы кезінде қолға түскен. Полицейлердің ақпаратынша, қамауға алынғандар діни экстремизмді насихаттайтын жазбаларды бірқатар аудандарда таратып келген.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:
ОҚО
ІІД-де қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің «Әлеуметтік, рулық, ұлттық және
діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды.
Тергеушілермен процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматтар
қамауға алынды.