Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мүгедек жандарға арналған инклюзивті дизайн орталығы ашылды

AstanaTV
10.05.2018ж. 20:00
3151
Мүгедек жандарға арналған инклюзивті дизайн орталығы ашылды

Елордада мүгедек жандарға арналған инклюзивті дизайн орталығы ашылды. Мұнда оларға ортақ проблемалар талқыланбақ. Қоғамдық көлікке мінуде, ғимараттарға кірудегі кедергілерден өзге оларды жұмыспен, баспанамен қамту, кәсіпкерлікке баулу сияқты шешімін таппай келе жатқан мәселелер көтерілетін болады.

Ұсыныстар құзырлы органдармен бірлесе шешілетін болады. Орталық жеткшісінің айтуынша, елде 640 мыңнан аса мүгедек адам бар. Орталық соларға қызмет етпек. Мемлекеттің қаржылай көмегіне жүгінбес үшін бірнеше жоба қолға алынбақ. Олар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне таныстырылды. Оның ішінде инва кз сайтын ашу жоспары бар. Орталық жетекшісі бұл жарымжандарға арналған алғашқы портал болады деп отыр. Онда тек мүгедек жандарға арналған ақапарттар ғана емес, заңгерлік, психологиялық ақыл-кеңестер беріледі. Мұндай қызметтер көрсету үшін бірыңғай колл-орталық та ашылмақ. "Өйткені мүгедектікке душар болған адам қайда барып, кімнен кеңес аларын білмейді", - дейді орталық жетекшісі.

Алмас Ержан,  инклюзивті дизайн орталығының жетекшісі:

Инклюзивті дизайн орталығы қайырымдылық қор қолын созған немесе жылап жүріп ақша жинаған,  ондай емеспіз. Біз кәдімгі бизнес модельге айналғымыз келеді. "Балық" сұрамай, "қармақпен" өзіміз жұмыс істегіміз келеді. Сондықтан біз қандай да бір мотивация болғымыз келеді мүгедек жандарға.