Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне оралдық «Зенит» зауыты да өз өнімдерін ұсынады

AstanaTV
10.05.2018ж. 20:00
3326
«KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне оралдық «Зенит» зауыты да өз өнімдерін ұсынады

23 мамырда басталатын «KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне «Зенит» зауыты да қатысады. Оралдық кәсіпорын бұл шараға өзінің әскери кемелерін апарады. Қазір зауытта көрмеге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан көрме биыл Астананың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

Еркін Карин, тілші:

«KADEX» көрмесіне «Барс-0300» жобасымен құрастырылып жатқан мына кеменің бірнеше есе кішірейтілген макеті апарылады. Өйткені ұзындығы 42 метр, салмағы жүздеген тоннаны тартатын мына кемені тасымалдау оңай емес.

Үмбет Саметов, дәнекерлеуші:

Жауапкершілігі өте үлкен, жасағасын мұқият, дұрыстап жасау керек. Енді мен мақтаныш етемін шетелден сатып алмаймыз, өз қолымызбен өзіміз жасап, өз Отанымыз, елі мізді қорғау үшін жұмыс жасап жатырмыз қазір. Кеме теңізге шыққанда сағат сияқты жасап тұру керек. Шекараны бұзғандарды қуып жетіп, ұстап, барлық нәрсе дайын тұру керек.

Жалпы «KADEX-2018» көрмесінің әлемдік деңгейде қару-жарақ пен әскери-техника өндірушілер үшін берері мол. Өйткені өзара тәжірибе алмасып, озық технологиямен танысады. Мұнда қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласындағы соңғы жетістіктер қойылады. Бұл отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттырып, шетел нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Вячеслав Валиев, "Орал "Зенит" зауыты" АҚ директоры:

Бұған дейінгі көрмеге әкелінген техникамен танысып, жетістігін пайдаландық. Мысалы, судың тереңдігіне қарамастан кемені тасымалдау технологиясын қолданамыз. Бұрын су тартылғанда кемені Жайықпен өткізу қиын болатын. Жаңа технологияның арқасында бұл мәселе шешілді. Қару-жараққа келер болсақ, әскери модульді жасайтын Белорусь компаниясының өнімін өндіріске енгіздік. Сондықтан биылғы көрме де пайдалы болмақ.

Бұл жолы «KADEX» - ке әскери державаға айналған ірі мемлекеттермен қатар, әлемнің 27 елінен 301 кәсіпорын өз өнімдерін әкелмек. Шараны биыл алғаш рет еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып жатыр. 2010 жылдан бері екі жыл сайын өткізіліп келген көрме биыл Астананың 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Еркін Карин