Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

БЖЗҚ ісі бойынша сотталған күдіктінің бірі қаражатты қайтаруға шешім қабылдады

AstanaTV
11.05.2018ж. 20:00
2478
БЖЗҚ ісі бойынша сотталған күдіктінің бірі қаражатты қайтаруға шешім қабылдады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын талан-таражға салған күдіктілердің бірі 800 млн теңгені өз еркімен қайтаратын болды. "Бузгул Аурум"  ЖШС-нің құрылтайшысы қор жанындағы қоғамдық кеңеске осындай ұсыныс жасады. Бұл жайында қордың қоғамдық кеңес төрағасы айтты. Жақында 8 жылға сотталған Бақытжан Кенжебаев екінші деңгейлі банктердің депозитінде сақтаулы тұрған қаражатты зейнетақы қорына аударуды сұраған. Оның адвокаты қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімін алған соң, сотқа талап-арыз жөнелтіпті. Бұл процедура шамамен бір апта уақыт алады. Сот бұл өтінішті қараған соң тиісті қаржы зейнетақы қорының есепшотын аударылмақ. Алда «Ерданаевтың ісін» әлі қалалық сот және Жоғарғы сот қарайды. Бірақ Бақытжан Кенжебаев сот үкімінің күшіне енуін күтпестен, осындай қадамға барып отыр, дейді қоғамдық кеңес мүшелері.

Евгений Сейпульник, БЗЖҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Осы қылмыстық істі тергеу барысында Бақытжан Кенжебаевтың жеке есепшотында 600 млн теңгенің бары анықталып, бұғат салынған еді. Сотталушы оған тағы 200 млн теңге тауып қосқан. Бірақ оған берілген жазаның жеңілдейтіні туралы ештеңе айта алмаймыз. Десе де бұл өте жақсы бастама және өзге күдіктілерге сабақ болады деген үміт бар. Бұл ешкімнің жеке мүлкі емес, елдегі зейнеткерлерге тиеселі жинақ болатын.

Айта кетейік, зейнетақы қорының бұрынғы басшылары "Бузгул Аурум" ЖШС-нің облигацияларына барлығы 5 млрд теңге инвестиция салған. Алайда құзырлы органдар бұл қаржылық операцияның астарында экономикалық қылмыс жатыр деген күдікпен тергеу жүргізген еді. Кейін қор басшысы Руслан Ерденаев бастаған 6 адам әртүрлі мерзімге сотталды. Ал олардың адвокаттары Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым берген. Іс жаз айларында қаралады.