Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

БТА банкінің «тазартылған» активтері миллиард доллардан асады - Кеңес Рақышев

AstanaTV
11.05.2018ж. 20:00
3816
БТА банкінің «тазартылған» активтері миллиард доллардан асады - Кеңес Рақышев

БТА банкінің «тазартылған» активтері миллиард доллардан асады. Бұл туралы Коммерсант басылымына берген сұхбатында кәсіпкер Кеңес Рақышев мәлімдеді. Ол шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару үшін қаруар жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Оның ақпаратынша, Қазақстанда бүгінде банктің филиалдары жоқ. Тек шетелге кеткен ақшаларын қайтару бойынша департамент жұмыс істеп тұр. Ал БТА банкінің бизнесі Украина, Қырғызстан және Белоруссияда қалған. Бұл елдердегі үш банктің активтері 200-300 млн долларды құрайды.

Украинадағы банктен басқасының бәрі ақша тауып отыр. Украинадағы бизнесті қысқартып, лицензияны тапсыруды жоспарлап қойдық. Өйткені саяси тәуекелдер жоғары. Аблязовтың басқаруымен бұрынғы топ-менеджмент ақшаны қайтармайтын офшорларға несие рәсімдей берген. Қазір сондай жолмен шығарылған активтерді қайтару үшін заң соғысын жүргізіп жатырмыз. Қазақстан мен Ресейде де саяси тәуекелдерді ескеруге тура келеді. Бүгінде БТА банкінің теңгерімінде 1 млрд доллардан астам «тазартылған» активтер қайтарылды. 3,5 млрд доллар көлемінде өзге тұлғаларға деген талап та бар.