$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Екі күннен кейін Рамазан айы басталады

AstanaTV
14.05.2018ж. 20:00
4100
Екі күннен кейін Рамазан айы басталады

Рамазан айы 17 мамыр күні басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері осылай деп жариялады. Бұған дейін Ораза күнтізбелерінде Қасиетті айдың 16 мамырда басталатыны туралы ақпарат тараған. Мұсылман қауымы енді екі күннен соң, яғни 17 мамырда ауыз бекітеді. Ал 11 маусымнан 12 маусымға қараған түн - Қадір түні. 15 маусым - Ораза айтының бірінші күні тойланады.

Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

Әлем мұсылмандарының басым көпшілігі 16-сы деп жоспарланып отырған Рамазан айының күнін 17-сі деп жоспарлануына себеп - сол ғылыми негіздерге байланысты болып отыр. Орта Азиядағы барлық мұсылман елдері, жалпы Азия, Африка елдеріндегі мұслымандардың да ұстанымы осыған сәйкес келіп отыр.

Бас мүфти айлардың сұлтаны - Рамазанда халықты қайырымдылыққа, міскіндер мен жарлыларға көмек қолын созуға үндеп отыр. Сондай-ақ осы айда тойлар мен өзге де көңілді кештерді ішімдіксіз, ысырапқа жол бермей өткізуге кеңес берді. Биылғы пітір садақаның өлшемі 2 келі ұнның бағасына жақын. Оның ең төменгі шегі әрбір мұсылман баласына 300 теңге болып белгіленіп отыр.