$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ақтаулық шенділердің тәуір асфальтты бұзып, орнына жаңасын төсегеніне жұрт наразы

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
1962
Ақтаулық шенділердің тәуір асфальтты бұзып, орнына жаңасын төсегеніне жұрт наразы

Ақтаулық шенділер тәп тәуір асфальтты бұзып, орнына жаңасын төсеп жатыр. Жөндеу жұмыстары осыдан бірнеше күн бұрын басталған. Ал бұған қала тұрғындары наразы. Ешбір ақауы жоқ көшені қопарып, асфальт жабындысын ауыстыруға қандай қажеттілік туындады дейді олар. 

Гүлнар Ахметова, Ақтау қаласының тұрғыны:

Мұндайға, әрине, қарсымын. Одан да көшелері әбден тозған аудан-ауылдарға жол салмай ма? Мемлекет қаржысын орынсыз жұмсау ғой бұл.

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, алдағы тамыз айында Ақтауда Каспий жағалауындағы мемлекеттер президенттерінің саммиті өтеді. Бұрынғы жолдың кей тұстарында жарықшақтар пайда болған. Сол себепті шенділер ұзындығы 5 шақырымдық жолдың асфальт жабындысын ауыстыруды жоспарлап отыр. Соңғы рет бұл көше 11 жыл бұрын жөнделген дейді олар. Бұл іске қажетті 800 миллион теңге республикалық бюджеттен бөлінген көрінеді.