Астанада
әуе көліктерінің ұшуына уақытша шектеу қойылады. Авиарейстердің кестелері
жартылай өзгертілмек. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
хабарлауынша, бұл «KADEX-2018» Халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты. Ұшақтардың
бағытындағы өзгерістер мамырдың 18 - інен 26- сына дейін жалғасады. Яғни
бүгін және ертең сағат 11 мен 13 аралығында шектеулер болады. 21 мамырда сағат
10 нан 13- ке дейін; 22 мамырда таңғы сағат 9 дан 13.00- ге дейін. Мамырдың 23-
інде сағат 11- 15 аралығында; 24 мамырда
11 ден 13.00 - ге дейін; 25- інде 13.00 ден 15.00 ге дейін; ал 26- ыншы мамыр
күні сағат 15-17.00 аралығында шектеу енгізіледі. Министрліктің мәліметінше,
бұл туралы барлық әуе компанияларына хабарланған.