$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астана әуежайы уақытша жабылады

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
2022
Астана әуежайы уақытша жабылады

Астанада әуе көліктерінің ұшуына уақытша шектеу қойылады. Авиарейстердің кестелері жартылай өзгертілмек. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, бұл «KADEX-2018» Халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты.  Ұшақтардың бағытындағы өзгерістер мамырдың 18 - інен 26- сына дейін жалғасады. Яғни бүгін және ертең сағат 11 мен 13 аралығында шектеулер болады. 21 мамырда сағат 10 нан 13- ке дейін; 22 мамырда таңғы сағат 9 дан 13.00- ге дейін. Мамырдың 23- інде сағат 11- 15  аралығында; 24 мамырда 11 ден 13.00 - ге дейін; 25- інде 13.00 ден 15.00 ге дейін; ал 26- ыншы мамыр күні сағат 15-17.00 аралығында шектеу енгізіледі. Министрліктің мәліметінше, бұл туралы барлық әуе компанияларына хабарланған.