$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ақтөбеде Сирияға аттанбақ болды деген күдікпен 11 адам қамауға алынды

AstanaTV
25.02.2016ж. 20:00
1429
Ақтөбеде Сирияға аттанбақ болды деген күдікпен 11 адам қамауға алынды

Сирияға жолға шыққан бір топ ақтөбелік азамат тұтқындалды. 25 пен 45 жас аралығындағы жергілікті 11 тұрғын діни экстремизмді қолдаушыларға қосылуды көздеді деген күдікке ілініп отыр. Облыстық прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олар 19 ақпан күні арнайы операция барысында қолға түсті. 

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасы 1-ші басқармасы басшысы:

Қылмыстық кодекстің 257 бабының 2-ші тармақшасында көрсетілген террористік топқа қатысу болып табылады. Террористік топқа қатысу және оған оқталу. Мұндай әрекеттері үшін 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген Қылмыстық кодексте. 

 Мансұр ЕСХОЖИН