$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Ислам шарттары бойынша лизингтік келісім қаржыландырылды

AstanaTV
25.02.2016ж. 20:00
2915
Ислам шарттары бойынша лизингтік келісім қаржыландырылды

«Қазақстан даму банкі» ислам лизингі шарттары бойынша алғашқы келісімді қаржыландырды. 1,1 млрд теңгені құрайтын жоба Қаржы орталығы мен транзиттік тасымалмен айналысушы «ИнсткомТранс» компаниясы арасында жүріп отыр. Оған Халықаралық исламдық қаржыландыру консалтингтік ұйымының ТМД-дағы өкілдігі делдалдық жасаған.

Алғашқы келісімге сай теміржолмен жүк тасымалына қажетті 113 вагон-цилиндр иджара талаптары бойынша жалға берілуде. Мерзімі - 10 жыл. Иджараның әдеттегі лизингтен айырмашылығы - жалға алынған мүліктен қандайда бір ақау кетcе, шығынды мүлік иесінің өтеуі міндет. Ал мерзім біткен соң жалға алушының лизингтік несие сатып алмауына да құқы бар. «Қазақстан даму банкі» исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша жасалған алғашқы келісімді жүзеге асыру үшін, бірқатар құжаттар мен талаптарға өзгерту енгізген.

Едіге Алпысбай, «AMANIA ADVISORS CIS» компаниясының басқарушы директоры:

Бүгін сол бекітілген иджара өнімі бойынша алғашқы клиентпен қаржыландыру жобасының аяқталғанына куә болып отырмыз. Бұл Қазақстан нарығы үшін, шыны керек, маңызды белестердің бірі деп ойлаймыз. Исламдық қаржыландыру деген өте арзан, не өте бір оңай дүние сияқты қарастырмау керек. Бұл нарықтағы бәсекелестікке қабілетті өнімнің бірі. 

Құралай ПИОНЕР