Qazaq Banki –нің бір акционері Бақыт Ибрагим Германияда ұсталды, деп хабарлады, Ішкі істер министрлігі. Жемқорлыққа қарсы қызметтің сұрауымен. 1-сәуірдегі мәліметке сай, Ибрагим аталған банктің 10,71 процентіне ие. Былтыр жаздың ортасына дейін банктің директорлар кеңесін басқарған. Сонымен бірге Мәскеуде банкир Жомарт Ертаевтың ұсталғаны мәлім. Ол РБК банкінде кеңесші болғанда жалған фирмаға 80 млн доллар займ алып беруге ықпалдасып, оны қайтармаудың әрекеттерін жасаған, деген біздің құқық қорғау органдары. Ертаевтың Қазақстанда «ұлтшылдардан қорлық көрдім» дегені елдің жынына тиген... Жарайды, соңғы уақытта бір емес, бірнеше банктің тұралағаны банк жүйесінің жұмсартып айтқанда онша еместігін кезекті рет көрсетіп, ешқандай да нарық заңдары жоқтығын жалаңаштайды. Салымшылар салым салардың алдында нені қаперде ұстауы керек? Қандай варианттар бар? Саяси ғылымдардың кандидаты Талғат Қалиев банкке қарызы бар адамның несиесін банкте салымы жатқан басқа азаматтың жабуы туралы айтады – яғни қарыз адам қолындағы ақшасын салымы барға береді, ал салымшы ала алмай жүрген салымы есебінен несиені жабады.
Талғат Қалиев, сарапшы:
Ең басты банктің рейтингі болады. Соны қарау керек. Халықаралық, жергілікті рейтинг болады. Тек қана «осы банк жақсы пайыз төлейді» деп ақша сала салмау керек... Банкке күнде біреу кредит жабуға келеді. Оның 200 мың бүгін төлейтін ақшасы. Онымен де келісіп алуға болады. «Мен саған ол ақшаны банктің ішінде аударайын сенің шотыңа, сен алып келегн «тірі» ақшаңды маған бер» деп. Оны оп-оңай сол жерде жасап тастауға болады. Былай қарағанда заңсыз схема емес, әйтеуір заңды схема.