Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда еңбек мигранттарының құқығын қорғайтын арнайы заң қабылдануы мүмкін

AstanaTV
21.05.2018ж. 20:00
3381
Қазақстанда еңбек мигранттарының құқығын қорғайтын арнайы заң қабылдануы мүмкін

Қазақстанда еңбек мигранттарының жұмыс істеу тәртібін қарастыратын арнайы заң қабылдануы мүмкін. Бұл туралы «Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік-еңбек қатынастары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде кәсіподақтар федерациясының төрағасы мәлімдеді. Оның сөзінше, орталық Азия елдерінде еңбек мигранттары жыл санап артып келеді. Халықаралық көші-қон ұйымының болжамына сай келесі он жылдықта орталық Азиядағы жұмыс күшінің ұсынысы 4 миллионға артуы мүмкін. Тек осы жылы шекаралас аймақтарда 4 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген. Көп мөлшерде еңбек мигранттарын қабылдайтын Қазақстан үшін заңның қажеттілігі жоғары.

Ерлан Сайыров, кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары: 

Еңбек кодексі мен кәсіподақ туралы заңға да өзгеріс енеді. Міне осы заңдар аясында біздің елге кеп еңбек етіп жүрген азаматтардың және елді транзиттік ретте пайдаланып жүрген азаматтардың құқығы қарастырылады деген үміттеміз.

Бұл ретте Қазақстан Түркиядан өнеге алса болады. Бауырлас елде жұмыс бабымен шекара асқандардың құқығын қорғайтын заң қабылдаған. Бүгінде құжат тиімділігін көрсетті дейді Түркиядан келген өкіл.

Левент Услу, Мемур-сен кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары (Түркия):

Бізде бұл тарапта мигранттардың құқығын қорғайтын заң жобасы бар. Сонымен қатар шет елден келген еңбек өкілдерінің мәселесі болса, олар арнайы адвокттармен бірлесіп өз құқығын дәлелдеп шыға алады. Бұл жерде аса маңызды бір аспект бар, ол мигранттардың міндетті түрде заң талаптарынан аттамай, арнайы орындарда тіркеліп, еңбек етуі тиіс.