Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Еліміздің бірнеше өңірінде ІТ-орталықтар ашылды

AstanaTV
21.05.2018ж. 20:00
2783
Еліміздің бірнеше өңірінде ІТ-орталықтар ашылды

Еліміздің бірнеше өңірінде ІТ- мамандарын даярлау орталықтары ашылды. Бұл «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында қолға алынған шара.  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп атқарылмақ. Ұйымдастырушылар заманауи кәсіпке  сұраныстың жоғары екенін айтады. 

ІТ орталығы ашылады дегенді естіген Шыңғысхан бірден өтініш берді. Май ауданынан келген жігіт заман талабына сай кәсіп иесі атануды бала кезден армандаған. Негізгі мамандығы - электрик. Тұрақты жұмыс болғанымен, сұранысы төмен кәсіптің бірі деді. Сондықтан, ІТ-мамандығын таңдаған.  

Шыңғысхан Мұратхан, жобаға қатысушы:

Алда қойған жоспар осының бәрін үйреніп, оқып, меңгеріп, ауылға барып, дәріс беру. Басқа оқушыларға үйрету өсіп келе жатқан.

Павлодардағы бірінші ІТ-орталық Инновациялық Еуразиялық университетінде ашылып отыр. Облыс бойынша 44 адамнан өтініш түскен. Бірақ, іріктеуден 10 адам ғана өтеді. Үш айға жоспарланған оқу бағдарламасы ауқымды,-дейді мамандар.

Елена Малышева, Павлодар қаласы Инновациялық еуразиялық университетінің оқытушысы:

Біз оқыту құрылымының мүмкіндігін кеңейтуге тырысамыз. Мәселен, студентке  мобильдік қосымшаны өз еркімен жинап, құрастыруға дайын кітапханалар ұсыну жоспарда бар. Жобаға қатысушы өзінің қосымшасын әзірлей алады.

ІТ орталығы Атырау мемлекеттік университетінде де салтанатты түрде ашылды. Ниет білдіргендер арасында әр саланың мамандары бар. Атап айтсақ: денсаулық, құқық қорғау, құрылыс және сәулет қызметкерлері. Оқу уақыты тыңдаушылардың жұмыс кестесіне ыңғайластырылған 

Нұрлыбек Ожаев, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Бұл ІТ-орталықта тек қана оқытушылар емес, кезең-кезеңімен жұмыссыздарды, тілек білдірген басқа да азаматтарды, жұмыссыздардың арасында өзін таба алмай жүрген, ия болмаса мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүрген жұмыссыз мамандар.

Орталықта оқу тегін, курс 3 айға созылады. 2 кабинетке 30 жаңа компьютер орнатылған. Дәріс беруге университеттің 15 оқытушысы белгіленген. Жобаның мақсаты - азаматтардың цифрлық сауатын көтеру, әрі білікті ІТ-мамандар даярлау.  100 мыңға жуық адамды оқыту жоспарланып отыр. Партия белсенділері алдағы уақытта орталықта білім алғандарды жұмыспен қамтуға да көңіл бөлінеді деп отыр.