$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұлттық банк 2015-2017 жылдарға арналған есебін жария етті

AstanaTV
22.05.2018ж. 20:00
3011
Ұлттық банк 2015-2017 жылдарға арналған есебін жария етті

Ұлттық банк соңғы девальвация кезінде орын алған кейбір жәйттердің бетін ашты. Мәселен, бас қаржы реттеуші 2015 жылы теңге құнсызданған тұста кейбір банктердің активтерін шетел банктеріне аударуға мәжбүр болған. Салымшылардың долларға деген сұранысы күрт артқан кезде, 20 млрд АҚШ доллары өзге мемлектетердегі қаржы инситуттарының есеп-шоттарына жөнелтілген. Бұл туралы Ұлттық банктің 2015-2017 жылдарға арналған қаржылық тұрақтылық туралы есеп беру жиынында белгілі болды. Қазір резидент емес банктердің есеп-шотына аударылған мол қаражат елге қайтарылып, ішкі экономикалық қажеттіліктерге жұмсалып жатыр. Қомақты ақшаны девальвация тәуекелдерінен сақтап қалу үшін, шетелдік қаржы инстиуттарына аударып, уақытша ұстап отыру заңнамада рұқсат етілген, - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Дәурен Сәлімбаев, ҚР Ұлттық банкі департамент директорының орынбасары:

Отандық банктер кей қаражатты шетелдік қаржы инситуттарының корреспонденттік есеп-шоттарында ұстауға мәжбүр болды. Банктер елімізде қомақты қаражат салатын инструмент таба алмай қалды. Елде долларға деген сұраныс қатты өсті. Сондықтан валютадағы депозиттерді отандық банктер резидент емес банктерге аударғаны рас. Теңгеге деген сенімнің артуына байланысты қазір бұл қаржы елдегі банктерге қайтарылды.