Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«KADEX-2018» көрмесінде 28 елдің павильоны болады

AstanaTV
22.05.2018ж. 20:00
2130
«KADEX-2018» көрмесінде 28 елдің павильоны болады

«KADEX-2018» көрмесіне 28 мемлекет қатысады. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді, - деп хабарлайды Ақорда. Елбасы қабылдауында болған Бейбіт Атамқұлов министрлік тарапынан атқарылған кешенді ұйымдастыру шараларының нәтижелерін баяндады. Сондай-ақ V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы туралы да айтып берді. Министр мұнан бөлек Президентке мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыстың жай жапсары төңірегінде есеп берді. Қорғаныс өнеркәсібіне қатысты стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың әзірлену барысы да сөз болды.

- Кадекске дайындық қалай болып жатыр?  

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Биыл Кадекске дайындық 28 мемлекеттен павильон, экспозиция дайын.  318 компания қатысады, оның ішінде 106 топ-компания. 48 мемлекеттен ресми делегация қатысатын болды.