Сирия үкіметінің әскері Дамаскіні толық бақылауға алды. Бұл туралы Рейтерс агенттігі, осы елдегі Қарулы Күштер қолбасшысының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, хабарлады. Сирия астанасында әскери операциялар аяқталғаннан кейін, ДАИШ-тан бір де бір лаңкес қалмаған. Қазір Дамаскіде полиция қызметі мен кейбір мемлекеттік органдар жұмыс істей бастады.
Еске
салайық, БҰҰ-ның деректері бойынша, биыл Сириядағы ішкі мигранттар саны шамамен
700 мыңдай адамға жетті.