Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан KADEX-2018 көрмесі аясында өзге елдерге қару-жарақ жеткізу бойынша 12 меморандум жасасты

AstanaTV
24.05.2018ж. 20:00
2652
Қазақстан KADEX-2018 көрмесі аясында өзге елдерге қару-жарақ жеткізу бойынша 12 меморандум жасасты

Қазақстан KADEX-2018 көрмесі аясында өзге елдерге қару-жарақ жеткізу бойынша 12 меморандум жасасты. Біздің әскер шет мемлекеттерден байланыс құрылғыларын, СУ-30 СМ зымырандары мен 8 бірдей ұшақты 2020-шы жылға дейін кезең-кезеңімен алады. Бұл туралы «Қазспецэкспорт» компаниясының директоры Арман Рамазанов айтты. Қазақстандық өнімдер шетелдіктердің де қызығушылығын тудырып отыр. Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері «Парамаунт инжиниринг» компаниясының көліктерін сатып алуға ниетті. Ал оқ өткізбейтін бронды техникалар Африка елдеріне жеткізіле бастауы мүмкін.

Арман Рамазанов, "Казспецэкспорт" РМК бас директоры:

Сатып алмақ болып жатқан қару-жарақтар - әзірге бізде шығарылмайтын техника. Бұл шамамен 30 пайыз. Ал қалған 70 пайыз қажеттілікті өзіміз жауып отырмыз. Қазір РФ,Түркия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен келісім жасастық. Енді осы елдермен тығыз жұмыс істейміз.