Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Анасы мен екі ұлын өлтірген қылмыстық іс сотқа жетті

AstanaTV
24.05.2018ж. 20:00
1964
Анасы мен екі ұлын өлтірген қылмыстық іс сотқа жетті

Аса ауыр қылмысқа 250 мың теңге үшін барған болуы мүмкін. Шымкентте бір отбасын қырып салды деп айыпталған адамға қатысты болжам осындай. Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында алғашқы тыңдалым өтті. Үш адамның өмірін қиған қанды қылмыстың себебі не? Прокурорлардың уәжі қандай? Әріптесім Айзада Төребекқызы баяндайды.

Шымкентте бір жанұяның отанасы мен оның екі ұлын өлтірген адам бұл қылмысқа саналы түрде барған. Ол өз қылмысын алдын ала жоспарлаған. Мұны алғашқы сот тыңдауында айыптау қорытындысын оқыған прокурор айтты.

1991 жылы туған Олег Власкин «қарақшылық» және «адам өлтіру» баптарымен айыпталып отыр. Ол марқұм болған екі ұлдың бірімен жақын араласқан. Қанды қылмыс болардан бір күн бұрын өзара жолығып, сотталушы одан қарызын қайтаруды сұраған екен.

Берік Ыбышев, мемлекеттік айыптаушы:

Айыпталушы Власкинның айтуынша, Ананьев бұл ақшаны компьютерлік ойынға салып, ұтылып қалған. Бірақ қарызын қайтармай кетіп қалады. Борышкерінің үйінде қымбат компьютерлік құрылғысы барын білетін Власкин, ақша керек болған соң,  қарақшылық жасауды ұйғарады. Тіпті жәбірленушіні өлтіру арқылы оның бағалы заттарына қол жеткізу мақсаты да болған.

Айыпталушыға қақпаны үйде болған 13 жастағы бала ашқан. Ағасының танысы болғандықтан оны үйге кіргізеді. Арам ойын іске асыруды ойлаған Олег Власкин оны қатты затпен басынан ұрып өлтіріп, денесін жасырып қойған. Мұнан соң үйге оралған оның анасын, кейіннен 22 жастағы Александрды да сұлатып салады. Елу жастағы әйел мен оның екі ұлының денелері  8- ақпан күні өз үйінде табылған еді. Мәселенің бір ұшы қарыз ақшаға тірелетінін сол тұста жігіттің туыстары да айтқан еді

Тергеушілердің бізге айтуынша, олар компьютерлік ойын ойнаған. 35 мың теңгеден ойнаған ба анығын білмедім. Марқұм оған ақша қарыз болған сыңайлы. Өйткені күдікті полицейлерге «қарызымды алуға келдім» деп айтқан. Ал үйге қақпа арқылы кірген. Ол Денис сабақтан келгесін 2 минуттан соң есікті қағады, таныс адам болғасын бала ішке кіргізген.

Айта кетейін, қаладағы өндіріс орындарының бірінің асханасында жұмыс істеген азаматша үш баласын жалғыз өзі өсірген. Оның артында тұрмыстағы қызы қалды.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Осы оқиғадан соң, көп ұзамай, күдікті Тараз қаласында ұсталған болатын. Сол кезде құқық қорғаушылар оның «ұрлық» және «тонау»  жәйттерімен екі рет істі болғанын айтқан-ды. Алайда, бүгін белгілі болғанындай еш жерде жұмыс істемейтін айыпталушы бұрын сотқа тартылмаған. 

Айзада Төребекқызы