$495.2 €522.34 ₽4.94
×

Қазақстанда алғаш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға ота жасалды

AstanaTV
24.05.2018ж. 20:00
5915
Қазақстанда алғаш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға ота жасалды

Алматыда көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға жасалған ота сәтті өтті. Мұндай операция ел аумағында алғаш рет қолға алынды. Педиатрия орталығында өткен күрделі отаға ресейлік мамандар көмекке келген. Негізі бұған дейін елімізде қатерлі ісік анықталған 5 жасқа дейінгі балаларға ота жасалатын. Бірақ ол көзді алып тастау немесе жанарынан айыру, лазермен емдеу тәртібінде ғана жүргізілді. Жаңа әдіс аурудан 100 пайызға айықтыруға жол ашады, - дейді дәрігер.

Бағлан Байзақова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі:

4 ота жасалынды. Төртеуі де сәтті өтті. Бұдан кейін келесі оталардың барлығы бізде жасалынады. Ерекшелігі - көзге тікелей химия дәрі жеткізіліп, көздегі ісікке қарсы жасалады. Сонымен қатар, көзді аман алып қалуға көмектеседі. Барлық онкологиялық қолданылатын көмектің бәрі де тегін.

Айта кетейік, көз іші қатерлі ісігіне ота жасау алғаш 2006 жылы АҚШ-та қолданылған. Орталық мамандарының мәліметінше, содан бері бұл елде көзді аман алып қалу жағдайы 95 пайызға көтерілді. Ал Қазақстанда жыл сайын ретинобластомаға 20-25 бала шалдығады, бұл қатерлі ісіктің 4 пайызын құрайды. Жаңа әдіс балалардың көзін сақтап қалуға толық мүмкіндік бермек.