Негізгі / Жаңалықтар / Оралдық алты кәсіпорынның жұмысшыларына қарызы 56 млн теңгеден асты

Оралдық алты кәсіпорынның жұмысшыларына қарызы 56 млн теңгеден асты

Батыс Қазақстандағы алты кәсіпорынның қызметкерлеріне жалақы бойынша берешегі 56 млн теңгеден асқан. Бұл туралы облыстық еңбек испекциясы басқармасының бөлім басшысы Артур Батыров мәлімдеді. Борышкерлердің үшеуі банкрот деп танылған, тағы бірінің ісі сотқа өткен көрінеді. Қалғандарының да жағдайы мәз емес.

Осыдан үш жыл бұрын ашылған «Батыс Марқа Ламб» кәсіпорнына кезінде «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы 2,2 миллиард теңге бөлінген. Тәулігіне 1 400 бас марқа сойылатын кешеннің өнімін шетелге экспорттау жоспарланыпты. Бірақ кәсіпорынның жұмысы қазір тоқтап тұр, ал жұмысшылары жеті айдан бері айлығын ала алмай жүр.

Артур Батыров, БҚО бойынша еңбек испекциясының бөлім басшысы:

Жылдың басында арыз түсті басқармаға. Сол арыздың негізінде тексеріс жүргізілді жоспардан тыс. Тексерістің қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды жұмыс беруші және нұсқама берілді. Берілген нұсқаманың орындалуы бойынша қайтып тексеріс жүргізілді, сол тексерісте нұсқаманың жартылай орындалғаны анықталды. 14 миллионның тек 5 миллионын жапты. 9 миллион әлі жалақы берешегі тұр.