Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

АҚШ самиттің өтуінен бас тартты

AstanaTV
25.05.2018ж. 20:00
2733
АҚШ самиттің өтуінен бас тартты

Дональд Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартуына орай Солтүстік Корея тарапы мәлімдеме жасады.Олар келіссөздердің жоғары деңгейде өтетініне әлі де үмітті көрінеді. Еске салайық, Трамп саммит болмайтынын хабарлаған еді. Бірқатар мемлекеттер бұл жағдайға қапаланып отыр. Алайда кей сарапшылар "өзгеріс болуы мүмкін, әлі де кеш емес" деген пайымда. 

Мына кадрларда Пхунгери ядролық сынақ полигонын жою сәттері көрсетілген. Солтүстік Кореяның жақын көршілері, Жапония мен Оңтүстік Корея тұрғындары мұны Пхеньямен жақсы диалогтың бастауы деп сенді. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуіне екі апта ғана қалған. Дегенмен, сынақ полигоны жойылған соң бірнеше сағат өткенде, Дональд Трамп саммиттің болмайтынын жариялады.

Құрама Штаттар Солтүстік Америкада саммитті біржақты тәртіпте тоқтатты және біз бұған келіспейміз. АҚШ диалогқа қайта оралады деп үміттенеміз.

Мен бұл жағдайға қайран қалдым, өйткені бәрі жақсы өтеді деп  ойладым, ал Солтүстік Корея тіпті өз ядролық қаруын жою туралы әңгімеледі. АҚШ пен КХДР арасында қандай жағдай болғанын білмеймін.

Трамптың бас тартуы ашық күнде найзағай түскендей әсер етті. Солтүстік пен Оңтүстік Корей елінің тарихи ымырасы, полигонды жою барлығы далаға кеткендей әсер қалдырады. Трамп әкімшілігі Ким Чен Ын тарапынан көрсетілген "ашық жауласу" әрекеті кездесуден бас тартуға ықпал етті деген сарында хат жолдаған. Әйтсе де КХДР диалогқа дайын екенін білдірді. Бұл туралы «Ренхап» агенттігі Солтүстік Корея СІМ басшысының орынбасарына сілтеме жасап хабарлады.

Ким Ке Гвана, КХДР сыртқы істер министрінің  орынбасары:

Біз әлемде және Корей түбегінде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға ұмтылып отырмыз. Құрама Штаттарға уақыт пен мүмкіндіктер беру үшін ашықпыз.

Солтүстік Кореяның жақын көршілері берген жауапқа қарағанда, тіпті АҚШ пен одақтас елдер де Трамптың кездесуден бас тартатыны туралы білмеген. Бірнеше сағат бұрын АҚШ басшысы Оңтүстік Корея президентімен және Жапония сыртқы істер министрімен кездесті.

Йосихида Суга, Жапония үкіметінің бас хатшысы:

Саммитте екі басшының кездесуі ғана емес, оның мазмұны да маңызды. Бұл ядролық зымырандар туралы келіссөздер. Бұрын осы кездесудің қаншалықты маңызды екені туралы әңгімелестік. Бұл мәселелердің шешілуіне қол жеткізуге мүмкіндік жасайды.

Бұл тұста әңгіме Дональд Трамп пен Ким Чен Ын сияқты ірі тұлғалар туралы болып отыр. Соңғысы ұзақ жылын халықаралық оқшаулауда өткізген. Ал Ақ үйдің басшысы қысқа уақыт ішінде талай төңкеріс жасады.

Досым Сәтбаев, саясаттанушы:

Оның сыртқы саясаты көптеген елдерді алаңдатады, ЕО-тағы серіктестерін де. Америка Құрама Штаттары күшті держава болғандықтан, олар сыртқы саясатты жауапты жүргізуі керек. Оны Twitter-дипломатия деп бекер атамайды ғой.  Дональд Трамп ковбой секілді. Ол салдарын ойламай, қатаң сөздер айтады.

Wall Street Journal жазғандай, Солтүстік Кореяға қарсы тұрақты санкциялар тұрғанда, Вашингтон мен Пхеньян арасында таяу арада диалог күтілмейді.