Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбенің 200-ге жуық саудагері наразылық акциясын ұйымдастырды

Ақтөбенің 200-ге жуық саудагері наразылық акциясын ұйымдастырды

Ақтөбеде 200-ге жуық саудагер көше қозғалысын бөгеді. Олардың мұндай қадамға баруына базар басшылығы таратқан ескерту қағазы себеп болған. Онда сауда орнын босату талап етілген. Бұған күнкөрісі базардағы тіршілікке байланған жұрт қарсы.

Ирина Марченко, сатушы:

Біздің базарда жұмыс істеп жатқанымызға 15-20 жыл болды. Бәріміздің отбасымыз, несиелеріміз бар. Көтерме сауда кәсіпкерлерінің алдында міндетіміз бар. Тауарға қаншама қаражат салынды. Енді не істейміз?

Кәсіпкерлермен кездесуге базар басшылығы келді. Олар кейбір сауда орындарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтінін айтты. Қала әкімі де келіп, саудагерлерді сабырға шақырды. Маусымның соңына дейін уақыт берілетінін жеткізді. Дегенмен орын өзге базарлардан беріледі деді.