Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда 1 шілдеден бастап депозит мөлшерлемесі төмендейді

AstanaTV
25.05.2018ж. 20:00
2351
Қазақстанда 1 шілдеден бастап депозит мөлшерлемесі төмендейді

Депозиттер бойынша сыйақы мөлшерінің төмендеуі инфляция деңгейінің түсуімен байланысты болуы мүмкін. Арнамызға сұхбат берген экономист сарапшы осылай деді. 1 -ші шілдеден бастап жеке тұлғалардың депозиттерінің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12%-ға дейін төмендейтіні жайлы ақпарат тараған. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді. Қордың директорлар кеңесі теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесін қайта қарады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген жоқ.

Мақсат Халық, экономист:

Жыл өткен сайын инфляция да қарқынды емес, төмендеп келе жатқанын байқаймыз. Демек соған сай базалық пайыздық мөлшерлемеде түсіп келе жатыр. Оның ықпалы депозиттік  пайыздық мөлшерді түсеруге де септігін тигізді. Себебі Ұлттық банк пайызын түсергеннен кейін, ол экономикалық заңдылық, артынан кредиттің де, депозиттің де пайыздық мөлшері түсе бастайды.

Гульфайруз Ахметова, "KASSA NOVA" банкі ақ басқарма төрағасының орынбасары:

Қазір көптеген екінші деңгейлі банктерде үстеме мөлшерлемесі 12% -дан да  төмен. Сондықтан бұл жағдай клиенттер санына әсер етпейді деп ойлаймын. Егер салымшылар ақшаларын алып кетпесе, оларға банк төлейтін пайыздар капиталданады. Пайыздан пайыз жүреді. Яғни 12% - бұл  жылдық тиімді мөлшерлеме, тұтынушылар мұны білуі керек.