$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жыл басынан бері 28 адам суға кетіп көз жұмған - Ю.Ильин

AstanaTV
28.05.2018ж. 20:00
3275
Жыл басынан бері 28 адам суға кетіп көз жұмған - Ю.Ильин

22 ірі сауда ойын-сауық орталықтары сот шешімімен 3 айға дейін жұмысын тоқтатуы мүмкін. Олар өрт қауіпсіздігі бойынша жасалған ескерту талаптарын орындамаған. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен баспөсөз мәслихаты барысында ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Оның сөзінше, жоспарлы тексерулерден кейін қорытынды бақылау ретінде тағы 120 тексеру өткен. Нәтижесінде 98 нысанның алдындағы ескертулерді толық жойғаны белгілі болды. 22 сауда орнындағы жұмыстар сол күйі қалып отыр. Оларға 19 млн теңге айыппұл салынған. Мекемелерде көп кездесетін құқықбұзушылықтың бірі - ол қосымша есіктердің үнемі жабық тұруы және сол маңайда тез тұтанатын заттардың қойылуы, - дейді вице-министр.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Кей аймақтарда өрт қаупі арта бастады. Соның ішінде ШҚ-дағы орман өрті де бар. Өткен демалыс күндері ауа райы ылғалды болып, өрт тіркелмеді. Өткен жылы осы мезгілде 67 орман өрті болған. Биыл 71 өрт орын алды. Премьер-министр тарапынан облыс әкімдеріне жедел әрекет етіп, техникалық -материалдық базаны күшейту туралы тапсырма берді. 

Вице-министр сондай-ақ судан келетін қатердің артып тұрғанын айтты. Елдің басым бөлігінде күн жылынып, суға түсу маусымы басталып кеткен. Өкінішке орай, биылдың өзінде 28 адам суға кетіп көз жұмды. Оның 11-і бала. Жеткіншектердің тілсіз жаудың құрбанына айналуына көбінесе  олардың ата-ана қарауынан тыс қалуы себеп болады. Сондықтан шенеуніктер тұрғындардың балаларына мұқият болуын ескертеді.