Мамыр
айында бірқатар көкөністердің бағасы арзандаған. Бұл туралы ұлттық экономика
министрлігіне қарасты статистика комитеті ақпар таратты. Атап айтқанда,
қиярдың бағасы 27,1%, қызанақ 16,5%, сарымсақ бағасы шамамен 5% төмендеді.
Арзаншылық жеміс-жидекті де айналып өтпеді. Бананның құны 7,8% -ға, апельсин
бағасы 3,8%-ға түскен. Жұрт көп тұтынатын алманың құны,
керсінше,
2,8% -ға қымбаттағаны байқалды. Мұнан өзге сүт 10,7 %, айран 7,8 пайызға
төмендеген.