Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қытайда тұтқындалған қандастарымыздың тағдырына бей-жай қарамаймыз - СІМ

AstanaTV
29.05.2018ж. 20:00
2043
Қытайда тұтқындалған қандастарымыздың тағдырына бей-жай қарамаймыз - СІМ

Қытайда тұтқындалған Қазақстан азаматтарының тоғызы түрмеден босатылған. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған мәселеге орай сәуір айында Қазақстанның құзырлы орган өкілдері Қытайға екі мәрте үлкен делегациямен барып қайтқан. Барлығы он екі азаматтың ісі қаралған. Қытай тарапы болған жәйттің себебін түсіндірді. Яғни олардың дерегінше қандастарымыз азаматтықтан шығу процесін дұрыс рәсімделмегені үшін айыпталған сыңайлы.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі: 

Біздің келіссөздер нәтижесінде 12 қазақстандықтың 9 босатылды. Қалған үшеуі бойынша мәселе жіті қаралып жатыр. Біздің ҚХР-мен қарым-қатанысмызға келсек, келіссөз жүргізуге ешқандай кедергі жоқ.

Сыртқы істер министрлігінде Қытай елінде түрлі қиындықтарға тап болған 170 этникалық қазақ туралы дерек бар. Ол мәліметтер сол жақтағы қандастарымыздың туыстары немесе басқа да белсенділер арқылы түскен. Министр Әбдірахманов Қазақстан азаматтарының тағдырына бей-жай қарамайтынын атап өтті. Еске салайық, еліміздің азаматтығын алған Қытайдағы этникалық қазақтардың бірнешеуі, шекарадан шықпай жатып қамауға алынғаны туралы БАҚ бұған дейін хабар таратқан болатын.