Өткен жылы балалар үйінен асырап алынған 77 сәби түрлі себептермен қайта қайтарылған. Бұл 2016-шы жылмен салыстырғанда шамамен 2 есе аз. Мұндай жағдай балалар психологиясына айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы мәлімдеді. Сондай-ақ Атырауда екі мәрте асырап алынып, қайта балалар үйіне тапсырылған бүлдіршін туралы да түсінік берді. Еске сала кетсек, баланы қамқорлығына алған әйел үкімет тарапынан берілетін жәрдемақының аздығын желеу етіп, немересін асырай алмайтынын айтқан.
Нұрбек Оршубеков, ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы:
Атырау облысындағы жағдай мәлім болды. Енді баспасөз ақпарат құралдарынан, ол кісінің пікірінше, қайтаруға өтемақының аздығы себеп болған. Бүгінде өтемақы 10 АЕК құрайды.
Мамандар алдағы демалыс мерзімінде балалардың қауіпсіздігіне баса назар аудару қажеттігін айтады. Аттракциондар, жалға берілетін ойыншық машиналар мен велосипедтерді тек арнайы саябақтарда орналастыру жайы қаралып жатқан көрінеді. Бұл Астанада ойын батуттарының бірінде болған төтенше жағдайдан кейін енгізілген өзгеріс. Суға шомылу маусымы барысында балаларды қараусыз қалдырмау жағы баса айтылды.
Руслан Иманқұлов,
ҚР ІІМ ТЖК ақпараттандыру бөлімінің басшысы:
Су айдындарына жақын орналасқан
балалар лагерьлерінде құтқарушылар, осы бір ай болды, жағажайлардың түбін тазартыпң арнайы ақпараттық стендтер орнатып жатыр. Оның барлығы балалардың төтенше
жағдайға түспеуіне ықпал етеді деп үміттенеміз.