Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ресей бензинінің қымбаттауы Қазақстан нарығына қаншалықты әсер етеді?

AstanaTV
30.05.2018ж. 20:00
2258
Ресей бензинінің қымбаттауы Қазақстан нарығына қаншалықты әсер етеді?

Ресей жанармайының қымбаттауы Қазақстан нарығына айтарлықтай әсер етпейді. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Оның айтуынша, жанар-жағармай нарығындағы бағаға негізгі екі фактор әсер етеді. Оның бірі Ресей бензинінің көтерме және бөлшек саудадағы құны. Ал екінші фактор - отандық жанармай көлемінің артуы. Қазір қайта жаңғыртудан өткен мұнай өңдеу зауыттарының есебінен ішкі нарыққа қажетті жанармай әдеттегі көлемнен 1,5 есе артық өндірілген. Енді оны өткізудің амалдарын табу керек,-деді министр. Айта кетерлігі, Ресейде бензин бағасы соңғы аптада 76-79 тиынға өскен. АИ-92 жанармайының құны 40, ал АИ-95 43 рубльге дейін қымбаттады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: 

Екі зауыт жаңғыртудан өтті. Олар жоғары октанды 92 және 95-ші маркалы бензинді қажетті көлемде береді. 4-5 айдың қорытындысы бойынша, ішкі нарықтың 90 пайызын отандық бензин қамтамасыз етеді. Тек 10 пайызын ғана Ресей бензині жабады. Ондағы жанармайдың қымбаттағаны біздің нарыққа әсер етіп отырған жоқ. Қайта өзіміздің бензин көлемінің көбейгені әсер етуде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ