Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай президент үндеу жолдады

AstanaTV
31.05.2018ж. 20:00
5620
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай президент үндеу жолдады

Еліміз сұмдық сынақтарды ешқашан ұмытпайды. Ең ұлы қазынамыз - Тәуелсіздікті бағалап, сақтай білуге тиіспіз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Президент бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жолдады. Кеңес Одағы билігінің солақай саясаты салдарынан халқымыз алапат демографиялық шығынға ұшырады. Бұл - бүкіл әлем тарихында сирек болатын қайғылы жәйт, - деп атап өтті Елбасы.

1929-1933 жылдары 2 миллионға жуық адам қаза тапты. Тағы миллиондайы жан сауғалап, босып кетті. Одан кейінгі саяси репрессия қазақ қоғамының элитасын жаппай қырғынға ұшыратты. 103 мың адам сотталып, 25 мыңы ату жазасына кесілді. Қазақстан аумағында 11 жазалау лагері құрылып, сотталғандар мен олардың отбасылары адам төзгісіз қиын жағдайда күн кешті. Өткен ғасырдың қасіретті кезеңдерін енді ешқашан қайталамау үшін, біз бүгінгі жетістіктерді бағалай білуге тиіспіз.