$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Соңғы 10 жылда балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші төмендеген

AstanaTV
31.05.2018ж. 20:00
3455
Соңғы 10 жылда балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші төмендеген

Елімізде балалар ісімен айналысатын судьялар, прокурорлар мен тергеушілер  институтын енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы бала құқығы жөніндегі арнайы уәкіл Зағипа Балиева хабарлады.

Зағипа Балиева, Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

Бала мен ересек адам - бұл мүлдем бөлек екі субъекті. Балаға барынша көбірек назар аудару керек. Бүгінде Сот академиясында, Құқық қорғау органдары академиясында тұрақты курс енгізілуде. Ол бала құқығы жөніндегі құқық қорғау органдарының барлық қызметшілері үшін міндетті болады.

Соңғы 10 жылда балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші төмендеген. 2008 жылы 10129 бала қайтыс болса, 2017 жылы бұл сан 5355-ті құрады. Яғни балалар өлімі екі есе азайған. Жеткіншектер көбіне түрлі аурулардың салдарынан көз жұмады екен. Жыл сайын жол апатынан 300-ден астам бала қайтыс болады. соңғы 5 жылда су қоймаларында 1059 бала батып кеткен.