Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

1953 жылғы шифер. «Бізөкше» тескен шатыр... Шымкенттегі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы.

AstanaTV
02.06.2018ж. 20:00
2325
1953 жылғы шифер. «Бізөкше» тескен шатыр... Шымкенттегі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы.

Тұрғындары миллионнан асып, Шымкенттің ірі мегаполиске айналғаны қашан. Ал... «Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің директоры Мұхтар Мұхамбетжан шаһар көшелерін қаптаған ақылы автотұрақтардың заңсыз, әрі сол тұрақтардан бюджетке бір тиын түспейтіндігін мәлімдеп, әкімдікке хат жазған. Ол тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасының да баяу жүргізіліп жатқанын көтеріп, дабыл қаққан. Осыдан кейін оны қызметінен босату туралы бұйрық шыққан, бірақ дау туып, қала әкімі Сауранбаев Мұхамбетжанды жұмыстан шығару туралы тұрғын үй инспекциясы басшысы бұйрығының күшін жойған. Біз тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесін қаузап көрдік. 53 жылы әйгілі кинода айтылатындай «салқын жаз» ғана болған жоқ, қалаларда қабырғасы қалың үйлер салына бастағаны мәлім. Бірақ жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмесе, олар да көгере бастайды. Шымкентте тіпті жаңадан салынған үйлердің төбесі тесілгені бар. Қалалық деңгейдегі шенеунік«қыз-келіншектер үйдің шатырына шығып,бізөкшемен тескен» депті. Елестетсем, сюрреализм!Бұл бағыттың жарқын өкілі Жан Мори́с Эже́н Клема́н Кокто́ шығармаларын әлгі шенеунік сүйсініп оқыған сияқты. Айзада Төребекқызының материалы.   

- Төбесі ауыстырылды. Сыртының бәрі сыланды. Балкондардың барлығын істеді.

Шымкенттегі 16 отбасы қоныстанған қосқабатты бұл үй өткен ғасырдың отызыншы жылдары салынған. Ағымдағы жөндеуден былтыр өтті. Кәріз, жылу жүйелеріне дейін ауыстырылды. Оған 10 млн 224 мың теңге жұмсалыпты.

Жақсыкүл Дауылбаева, үй төрайымы: 

«Тұрғын үй Шымкентке» бардым. Сөйтсем бұл кісілер: - сіз биылғы планнан қалып кеттіңіз, деді. -Е, айналайындар, мені іліңдер, барлығы ылғи пенсионер, өңкей инвалидтер тұратын дом, құлайын деп жатыр деп неғылып ем, онда апай біз көрейік, ремонт жасауға деді.

16 отбасы айына 1,5 мың мен 3,5 мың теңге шамасында төлем жасайды.

Былтыр Шымкентте 22 үй жаңартылды. Қатар тұрған мына сұрықсыз қос үйдің бірі көп өтпей-ақ өзгеріп сала берген. Тіпті оқуда жүрген немерелері келгенде өз үйін танымай қалды деп, тұрғындар мәз. Бірақ ақшасы сәл көптеу екен, деп ойланып отырғандары бар. Бұл үйдің тұрғындары айына 7,5 мың теңгеге дейін төлейді.

Айнұр Жұман, үй төрайымы:

Жөндегені әрине жақсы. Біздің көңілімізден шықты. Бірақ сол ақшасы сәл нелеу боп тұр да, мен өзім 7 баланың анасы болам, сәл қымбаттау болып тұр да...

Жөндеу жұмысын жүргізген  «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің мамандары бағадағы айырмашылықты бұл үйде алты-ақ отбасы тұруымен байланыстырды.

Нұрлан Досымбетов, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС бас инженері:

Көп пәтерлі үйлерде 1,5 -2 мыңның көлемі. Бұл кісілерде адам аздығынан, пәтер аз болғандық 7- 7,5 мыңның көлемінде шығып жатыр.

-Вот у нас протекает крыша...

Ал Альбина Редько қанша ақша сұраса да төлеуге әзір. Әйтеуір өзі тұратын үйді тездетіп жөндетіп алсақ деп жүр. Жаңбырлы күні тіпті есі шығатынын айтады. Төбеден су сорғалағанда үй ішінде құдды жауын құйғандай болады деп жыларман күйде. Бұл үйдегілердің жаңғырту бағдарламасына сәйкес тапсырыс бергендеріне екі жылға жуықтапты.

Альбина Редько, Шымкент қаласының тұрғыны:

Барлық талабына көніп отырмыз. Айтқан ақшасын төлейміз. Тек күз болмай шатырды ауыстырып үлгерсе екен. Бәріміздің жағдайымыз келеді.Үйімізді түгел жаңалап берсе болды. Қазір балаларды сыртқа шығаруға да қорқамыз. Бастарына түсіп кетеді ме деп. Әрқайсысы келіп әзіре құрғақ уәдемен кетіп жатыр. Ақша жоқ, деп айтады.

- Үйдің  төбесінің жартысын халықтың өзі жапқан да, ал мына  жағы баяғы өкіметтен қалған күйі қалған. Бес толқындық шиферлар сол күйі тұр. Сол 53 жылы берсе, 53 жылғы шиферлар әлі тұр ғой, көгеріп кеткен...

Қырық отбасыға пана болған баспананың жабыны шұрқ - тесік. Әзірге тұрғындар өз күшімен жамап жасқап отыр. Жел тұрса бітті, шатырға қарай жүгіреді екен.

Мейірхан Ильясов, Шымкент қаласының тұрғыны:

Жел тұрса да, жаңбыр жауса да ашылып кетеді шиферлар ескі болғаннан кейін. Оның үстіне адам шығады. Ертең Құдай сақтасын, ескі шифердің біреуі сынып кететін болса адам да құлап өліп кетуі мүмкін да ол жерден.

Жаңғыртуды күткендер көп. Биыл Шымкентте жүзден астам үйге жөндеу жасалады деген жоспар бар. Жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Бірақ бітетіні тек құжат қана секілді. Гәп ақшада. 

Мысалы, былтыр 35 үй жоспарланғанмен 13 үй қалып қойған. Ал биылдыққа құрылысшылар әлі қыбыр еткен жоқ. Мұны серіктестіктегілер қолға қаражат тимеуімен байланыстырып отыр.

Нұрлан Досымбетов, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС бас инженері:

Біздің «Тұрғын үй Шымкенттің» басшы органы «Шымкент тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекеме, ол мекемеге ақша бөлінген, 12-наурыз күні. Бірақ не себептен екенін, ол ақша бізге неғып бізге түспей жатқаны бізге белгісіз.

Мұхтар Мұхамбетжан, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры:

Былтырдан қалған 13 үйге бөлінген ақша түрлі жымысқы себептермен бөлінбей отырғаны рас. Бірақ оған әкімнің қатысы жоқ. Ол мынау ортадағылардың істеп отырғаны. Міне, 13 үйдің әлі ала алмай отырмыз, ақшасын.

Ал осы серіктестікке тікелей жауапты «Тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің басшысы Марат Жұманов телефон арқылы бүй дейді: ешқандай да белден басу жоқ. 13 үйге 174 млн теңге қарастырылған. Тек қаржының түсуі қараша айына  жоспарланған.  Жұманов ауа-райының ыңғайына қарай ол соманы жазда да ала беруге болады, деп қосты.  Оның мәліметінше биыл жөнделетіні былтырдан қалған сол 13-ақ үй. Бюджет тапшы, деді. Ал "Тұрғын үй Шымкент" серіктестігіндегілер 100 үйдің құжатын әзірлеп отыр. Жоспарға сай. 

Мұхтар Мұхамбетжан, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры:

Егер біз осы июньде болатын облыстық мәслихаттың сессиясына үлгеріп, тапсыра алсақ, июньде ол жерден өтсе, онда шілде айында ақша келіп қалады. Ал егер шілде айында ақша келіп қалса, біз қыркүйекке дейін міндетті түрде бітіреміз ғой,100 үйді.

Тәукехан көшесі 33 үйде 150 пәтер бар. Үй төрайымы соның бар болғаны үштен бірі ғана төлем жасап отырғанын айтты. Оның дені зейнеткерлер.

Роза Байымбетова, үй төрайымы:

Барлығы ойлайды, государтсвенная программа модернизация ЖКХ, должно платить государство и оны еш түсіндіре алмаймыз. Сотқа да берді, неғылды. Алайда көбісі төлемейді. –Оның шығынын кім төлеп жатыр енді?

– Пока ешкім төлемейді.

– Кімнің мойнында тұр ол ақша, қарыз?

- Мемлекет. 150 квартира бар, пенсионерлер төлейді. Бізде бар бизнесмены.. магазиндері бар, фирмалары бар, солар төлемейді.

Алайда тұрғындардың да уәжі қисынды ма, өйткені расында үйлердің қасбеті түсіп жатыр. Жөндеу аяқталғаннан бастап-ақ. Қазір кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Ал тұрғындар кемшілікті кімнің түзетіп беретінін білмейді.

Здесь вот видите отваливается. И значить что бы спасти людей кто нибудь не попался то сюда на голову мы специально сделали вот это. Имран попросили, они 50 тысяч выделили вот этот сделали, а там чтобы на голову не попало мы всяких куча хламов поставили, не качественный ремонт.

Тұрғындардың бір тобы ескіні жамап есі кетіп жатқанда, Шымкенттегі жап-жаңа үйлердің өзі сыр беріп жатыр. Тіпті «Нұрсәт» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің шатырынан да сорғалайды. Неге? Бұл сұрақты құрылыс бөлімі басшысының орынбасарына қойдық.

Ғалымжан Өтенбаев, Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

Бүгінгі таңда енді ол өздеріңізге белгілі, балалар үйінен шыққан балалардың сол үйдің шатырына шығып, қыз-келіншектердің каблук дейді ғой, каблуктарымен жүреді, сондайлардың есебінен кішкентай тесіктер пайда болған. Сондай фактілер болды.

Жалпы, 2020 жылға дейін шаһарда 947 көпқабатты үй жаңартылуы тиіс етін. Осы уақытқа дейін 200 ге жетпейтін үй жөнделіп, ал бағдарламаның аяқталуына бір жарым жыл ғана қалғанын ескерсек, "бізөкше" сияқты  әңгімелер әлі талай айтылатын сияқты. 

Айзада Төребекқызы, Серік Талас «Біздің уақыт».