Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атақты палуан Сайлау Мұқашевтің өтінішін Орал шенеуніктері орындамай отыр.

AstanaTV
02.06.2018ж. 20:00
5198
Атақты палуан Сайлау Мұқашевтің өтінішін Орал шенеуніктері орындамай отыр.

«Ат арыса - тулақ, ер арыса – аруақ» деген аталарымыз. Кезінде КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО біріншілігінің екі дүркін чемпионы, ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы, ауыл жастары Бүкілодақтық ойындарының бес дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері болған әйгілі оралдық палуан Сайлау Мұқашев ата жатып қалыпты.

Еркін күрестен Қап тауының ұландары дес бермейтіні белгілі. Үш Олимпиаданы жеңіп алған Али Алиев атындағы турнир, мамандардың сөзінше, дәл осы еркін күрес шеберлері үшін Олимпиадаға бергісіз бәсеке екен. Мықтылардың мықтысы, жүрегі дауалағаны ғана баратын осы турнирде қатарынан екі рет жеңімпаз болған Сайлау атамыздың рекордын әлі күнге ешкім қайталамапты. Бірақ уақыт шіркін кімді аяған? Атақты спортшыға қазір қарға адым жер жүрудің өзі қиын. Инсульт ұрғаннан кейін тілі күрмеліп, көзі мүлдем көрмей қалған. Сұхбатты бізге жұбайы берді.

Ұлмекен Мұқашева, Сайлау Мұқашевтың жұбайы:

Үшінші инсульттан кейін қиын болып қалды, аяғын баса алмай қалды. Жүруі қиын болды. Бала жұмыссыз отыр, себебі өзіме көтеруге ауыр. Өне-бойы коляскада отыра беруі қиын ғой. Қайта саламыз, отырғызамыз, аударамыз. Өте қиын. Сыртқа шығаруға, алты айдан бері шығара алмай отырмыз.

Сайлау ағамыздың пәтері бесінші қабатта. Сыртқа шығу қиын. Сондықтан үйін төменгі қабатқа ауыстыруды сұрап, жергілікті әкімдікті талай рет құлаққағыс қылған. Бірақ ұзақ уақыт үміттендіріп қойған шенеуніктер ақырында жазбаша жауаппен құтылыпты. Әкімнен қайыр болмаған Сайлау ағамыз енді жас кезінде бірге күрескен серігі, атақты палуан Жақсылық Үшкемпіровті іздейді. Бәлкім, сөзі өтіп, бір шарапаты тиіп қалар деген әлсіз үміт.

Ұлмекен Мұқашева, Сайлау Мұқашевтың жұбайы:

Алматыда күресті. Үшкемпіров ұтылып қалып, Сайлаудан жеңіліп қалғасын қазақша күреске кетіп қалдым деп өз аузымен айтқанын естідім. Май айының басында келем деген Жақсылық Үшкемпіров. Білмеймін, не себепті келе алмай қалғанын. Осы май айының басында Ақтөбеге келіп-кетті деп естігем. Күттім, ойладым келіп-кетер, хабарласар, «это не телефонный разговор» дегесін...