Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Денсаулық сақтау министрлігі жайбасарлық танытып отыр - Қ. Тоқаев

AstanaTV
05.06.2018ж. 20:00
2046
Денсаулық сақтау министрлігі жайбасарлық танытып отыр - Қ. Тоқаев

Денсаулық сақтау министрлігі жайбасарлық танытып отыр. Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тwitter парақшасында осындай пікір білдірді. Сенат спикері жоғарғы палата депутаттары елде таралған індетке орай Үкіметке сауалхат жолдайтынын айтқан. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Менингитпен күрестің қазіргі жағдайы сын көтермейді. Құзырлы министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр.