Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада 3-ші қабат тұрғындары лифт қызметінен бас тартып отыр

AstanaTV
05.06.2018ж. 20:00
3275
Астанада 3-ші қабат тұрғындары лифт қызметінен бас тартып отыр

Астанада лифт дауы. 9 қабатты үйдің 3-ші қабатында тұратындар лифт үшін ай сайын ақы төлеуден бас тартып отыр. Ал жеделсаты жыл басында жаңғырту бағдарламасымен жаңартылған көрінеді. Тұрғындар әрекеті заңды ма? Олар лифті үшін төленетін ақыдан құтылу мүмкін бе? Диана Сапарқызы анықтап қайтқан болатын.

Диана Сапарқызы, тілші:

Дау осы жаңа лифтіні орнатқаннан басталған. Үшінші қабат тұрғындары, ай  сайын 2 мың теңге төлемес үшін, одан бас тартып отыр. Қалай дейсіз ғой? Міне, мына 3-ші қабатқа түссеңіз, тұйыққа тірелесіз. Тұрғындар лифтіге кіретін жолды бекітіп тастаған.

Сондықтан 3-ші қабат тұрғындары жаңа лифт үшін ай сайын 2 мың теңге төлемей отыр. Айтуларынша, оған мұқтаж емес.

Майра Бегалина, қала тұрғыны:

Бұрындары бұл лифтінің орыны дәретхана сияқты болды. Елдер келіп ластап кететін. Маған бұл лифтінің қажеті жоқ. 3-ші қабатқа өзім шығып түсе алам. 

Павел Онищенко, қала тұрғыны:

Мен де үшінші қабатта тұрамын. Жеделсатыны осы кезге дейін  пайдаланбадық. Пайдаланбаймыз да. Бізге қажеті жоқ. Ай сайын бостан-босқа ақша төлегім келмейді. ПИК-ке қаншама рет шағым айттық. Тыңдамады.

Пәтер иелері коперативі тұрғындардың бұл әрекеті заңсыз деп отыр.

Руслан Айғожин, ПИК төрағасы:

2015 жылғы Астана қаласының қаулысы бар. Онда 1-2 қабаттың тұрғындары лифт қызметінен босатлады деген. Үшініші қабат туралы айтылмаған. Сондықтан заңды сақтайық. Тұрғындардың өз беттерімен жеделсатыны бекітіп қойғаны заңсыз. Ертеңгі күні төтенше жағдай бола қалса, бұлар жауапты болады.

Заңгердің де пікірі осындай. Заң бойынша үй тұрғындарының 50 пайызы лифтіні ауыстыруға келісім берсе болғаны. Қарсы болғандар дауысы саналмайтын көрінеді.

Бабыр Шаяхметов, заңгер:

Көп қатты үйдің үшінші қабатында тұратын тұрғындардың іс-әрекетіне заңсыз болып есептеледі. Бұған негіз еліміздегі тұрғын үй қатынастарының заңынын 132 бабына сәйкес, тұрғын үйді эксплуатациялау оны ай сайын, я болмаса жыл сайын ол үйді кез келген қызмет түрімен қамтамасыз ету - бұл әрбір тұрғын үй иесінің көп қабатты үйдегі міндеті болып табылады.

Жаңғырту бағдарламасымен лифт ауыстырған тұрғындар борыштарын 8 ден 15 жылға дейін өтейтін болады. Қазір  Астанада 113 мың қарызгер бар.

Сағындық Есімханов,  «Өркен қала» ЖШС  директоры:

Үш айдың ішінде ақшасын қайтармаса, біз оларға қағаз жібереміз, сіз ақшаны қайтармадыңыз деп. Жиналыс өткіздіңіздер, протоколдар бар. Сендер келісім бердіңдер. Қазір ақшаны қайтармадыңыздар. Сондықтан біз сотқа береміз деп.

Әкімдіктің ақпарынша, Астана қаласында 5000-дай үйде аса лифт бар. Оның 98-і жаңғырту бағдарламасымен жөнделген. Оған 99 млн теңге бөлініпті. Биыл дәл осы бағдарлама бойынша елордада 45 жеделсаты ауыстырылады. Оның 15-і тұрғындардан қайтарылған қаражат есебінен жөнделеді. Қалған 30-ын бюджеттен алынбақ.