$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары өз жетістіктерімен бөлісті

AstanaTV
06.06.2018ж. 20:00
7805
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары өз жетістіктерімен бөлісті

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары Алматы жұртшылығымен кездесті. Олар Media talks деп аталатын ашық конференция аясында өздерінің жетістіктері туралы әңгімеледі.

Алғашқы болып алаңда Қазақстан паралимпиада құрамасының волейбол бойынша команда капитаны Серік Есматов сөз алды. Жиырма жастағы жас жігіт өзінің екі аяғынан 13 жасында айырылған. Бірақ ол өзінің  рухының мықтылығының арқасында қиындыққа мойынсұнбаған. Керісінше, спортты жанына серік етіп, осы салада жетістіктерге жете білді. Серік әлеуметтік желілерде де белсенді, түрлі шараларға қатысады. Ал «100 жаңа есім» жобасының арқасында ол елге таныла түскен.

Серік Есматов, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы:

Осы жобадан жеңіп шыққан соң, менің өмірімде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Күнделікті қоңыраулар түсіп жатады. Әсіресе журналистер қауымы жиі іздеп келеді. Ал кәсіпкерлер, блогерлер мен өзге де белсенді жастармен біріккен жобалар жасауға кірістік. Мұның барлығы жастарға деген көзқарастың дұрыс болуынан деп ойлаймын.

Алматыда Media talks ресми емес конференциясы алғаш ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін жоба жетекшілері оны Астанада жиі өткізіп жүрген. Енді ұйымдастырушылар еліміздің өзге қалаларына да сапарға аттанбақ. 

Махаббат Есен, «Қазақстанның 100 жаңа  есімі» жобасының белсендісі:

Олардың қай-қайсысы болмасын, қазіргі заманның батырлары деген атқа лайық. Себебі олардың өмірлік жолы ауыр болса да, өз саласында жетістікке жетуімен үлгі көрсете білді. Сондықтан біз мұндай жандарды құрметтейміз, ары қарай да дамуларына жағдайлар жасайтын боламыз.