Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қазнетте «#МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан» акциясы өтіп жатыр

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
1238
Қазнетте «#МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан» акциясы өтіп жатыр

Қазақстанда «#МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан» акциясы өтіп жатыр. Шараның мақсаты - Алаш еліне, жеріне деген азаматтар сүйіспеншілігі мен құрметтін Қазнет арқылы насихаттау.

Вы, наверное, обратили внимание, что в соцсетях набирает популярность патриотическая акция казахстанцев «Мен Елімді Сүйемін» - «Почему я люблю Казахстан». 

Бүгін осы акция аясында Орталық коммуникациялар қызметінде телекөпір ұйымдастырылды. Оған Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының жастары қосылған. Шараға интернетті белсенді пайдаланушы жұлдыздар мен спортшылар, блогерлер, тіпті болашақ ғалымдар да тартылған.

Мәдина Сәдуақасова, «All Давай» тобы, Ольга Рыпакова, Ермахан Ибрайымов, Біржан Жақыпов, Әділбек Ниязымбетов сынды танымал азаматтар бар. Сондай-ақ, «#МенЕлімдіСүйемін» хэштэгін қолдап, арнайы флешмоб ұйымдастырылды. Акция басталған 2 апта ішінде аталмыш хэштэгпен әлеуметтік желіде 200-ге тарта пост  жарияланған.

Құралай ПИОНЕР