Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Композитор Тұрсынғазы Рахимов өмірден өтті

AstanaTV
26.02.2016ж. 20:00
8402
Композитор Тұрсынғазы Рахимов өмірден өтті

Белгілі әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрсынғазы Рахимов өмірден өтті. Өнер иесі 65 жасына қараған шағында созылмалы дерттен қайтыс болған.

Әйгілі «Сәби болғым келеді» әнімен қазақ даласын тербеткен сазгер ел алдына көп шықпайтын. Ол бала кезінен ақын Мұқағали Мақатаевтың жырларына аса ынтық болады. Өз шығармашылығына 30 жыл толған кезедегі естеліктерінде Мұқағалидың 30 шақты өлеңіне ән жазғанын айтады. Жүсіпбек Елебеков мектебінен білім алып, дәстүрлі ән өнерін дамытуға да көп еңбек сіңірді. Өзі де сахнада ылғи ән салып жүрді.

«Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Қазағым-ай», «Аягөз аруы» «Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін» деп аталатын танымал әндері қазақ эстрада әншілерінің репертуарынан орын алды. Әріптестерінің пайымынша, Тұрсынғазы Рахимовтың қазасы - қазақ руханияты үшін  зор қайғы. 

 Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ