$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Еуроодақ 1-ші шілдеден бастап АҚШ-қа қарымта жауап қайтармақ

AstanaTV
07.06.2018ж. 20:00
3079
Еуроодақ 1-ші шілдеден бастап АҚШ-қа қарымта жауап қайтармақ

Еуоодақ елдері 1-ші шілдеден бастап АҚШ-қа қарымта жауап қайтармақ. Мұны одақ мүшелері Брюссельде мәлімдеді. Олар америкалық бірнеше тауарға баж салығын көтеруді жоспарлап отыр. Енді мұны Еуропарламент мақұлдауы тиіс. Тізім нақты емес. Оған АҚШ-та өндірілетін жүгері, күріш, мүкжидек, апельсин шырыны, жержаңғақ майы, виски және темекі өнімдері және косметика, киім-кешек пен металлургиялық өнімдер еніп отыр. Америкалық кеме, желкенді қайық, мотоциклдерге де баж салығы 25 пайызға дейін көбейтіледі. Ойын карталарына 10 пайыз салық салынбақ. 

Марос Сефкович, Еурокомиссия вице-президенті:

АҚШ-тың құрыш пен алюминийге тарифті көтеруіне қарымта жауап ретінде АҚШ-қа қосымша шара енгізу туралы шешімді алқа мақұлдады. Еурокомиссия бұл процедураны маусым айының аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Өйткені салық төлеу шілдеден басталуы тиіс. 

Еске салайық, АҚШ еуропалық елдерден шығарылатын алюминий мен болатқа салынатын тарифті 1-ші маусымда енгізген болатын. Бұл шешімді ЕуроОдақтан өзге Мексика мен Канада да айыптап отыр. Вашингтон бұған дейін Қытаймен де сауда соғысын тұтандырып алған еді. Бірақ Ақ үй мұны ұлттық мүддені қорғау үшін қолға алынған шара деп отыр.