Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

AstanaTV
07.06.2018ж. 20:00
3408
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Қытай Қазақстанның ірі серіктесіне айналды. Қытайға ресми сапарында Си Цзиньпинмен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Екі ел көшбасшысының келіссөздері Халықтық жиналыс үйінде өтті.  Сөз алған Аспан асты елінің басшысы біз Қазақстанмен бірге жүруге дайынбыз деді.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Аспан асты еліне Си Цзиньпиннің шақыртуымен барды. 2012 жылдан бері қос басшы 18 рет кездескен. Нұрсұлтан Назарбаев осы аралықта құны 67 миллиард доллар болатын 127 құжатқа қол қойылғанын айтты. Сонымен қатар, Президент Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаевтың көрші елге жасаған мемлекеттік сапары барысында екі елдің іскер топтары келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық бағыттағы бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.