Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

IT-саласында жұмыс істеген вице-министр. Коррупция бойынша ұсталған 2 вице-министр...

AstanaTV
09.06.2018ж. 20:00
2184
IT-саласында жұмыс істеген вице-министр. Коррупция бойынша ұсталған 2 вице-министр...

Осы аптада бірнеше вице-министр тағайындалған, олардың бәрі IT-саласында, цифрландыру бағдарламасы бойынша жұмыс істегендер. Руслан Еңсебаев Қаржы министрінің, Нариман Мұқышев Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің, Динара Щеглова Ақпарат және коммуникациялар министрінің, Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрінің, Рүстем Биғари Білім және ғылым министрінің орынбасары болып тағайындалған. Тенгриньюс порталы сарапшылардың пікірін білген, олар бұны сандық технологиялардың әлеуметтік және тұрмыстық өмірге дендеп енуінің белгісі ретінде сипаттаған. Азаматтарды ғаламдық өзгерістерге икемдеу мақсатында дегендері. Әрине, олардың қаншалықты білікті екенін білмейміз, бұл енді үкіметке қоятын сұрақ, депті саясаттанушы Саиров. Ал енді бір саясаттанушы Талғат Қалиев «Енді процестердің басым көбі сандық әлемде өрбиді, өкімет пен тұрғындардың байланысы интернет арқылы жүреді, егер біз соны тезірек істесек, мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдейді, сапасы да артады және бір маңызды тұсы – коррупцияны әжептәуір ауыздықтар едік», деген.  Коррупция демекші, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиевтің үйқамаққа отырғызылғанын хабарлады. Көктемнің басында осы министрліктің тағы бір вице-министрі Ғани Сәдібеков ұсталған. Екеуінің де бір «тақырып» бойынша – Бурабай көлін тазартуға бөлінген бюджет қаржысын ірі көлемде ұрлады деп, ұсталғанын айтты, ұстағандар. Бірақ әр түрлі уақытта. Министр Бозымбаев Сәдібеков ұсталғанда есеңгіреп қалғандарын айтқан. Араға 3 ай салып тағы бір орынбасары ұсталғанда эпизодтың 2015 жылы болғанын баяндап, ол кезде өзінің басқа жерде істегеніне тоқталған. Жақсалиевті білікті энергетик деп танитындарын айтқан. «Ақырында түсініспеушілік болып шығады» деп үміттенетінін жеткізген...