$522.91 €548.85 ₽5.05
×

Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоя алмаған оралдық шенеунік қызметінен қуылды

AstanaTV
08.06.2018ж. 20:00
2389
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоя алмаған оралдық шенеунік қызметінен қуылды

Оралда Әдеп кеңесінде парақорлыққа тыйым салмаған мемлекеттік қызметкердің мәселесі майшаммен қаралды. Облыстық мемлекеттік ішкі аудит департаменті басшысының орынбасары қарамағындағы қызметкеріне "пара алма" демегені үшін қызметінен қуылуы мүмкін. Бүгін Әдеп кеңесінде бұған айғақ болар бейнекөрініс жария болды.

Я же не решаю, вы же решаете. Если скажешь, они 200 деп айтып тұр. Біздер люди маленькие, пешки. Как скажешь, и так везде ходим, рискуем за свои 20-30 процентов.

Жергілікті дін істері департаментін тексерген мемлекеттік ішкі аудит департаментінің қызметкері экстремизммен күреске бөлінген бюджет ақшасы дұрыс игерілмегенін анықтайды. Кейін қызметкер өзінің басшысына осы «заң бұзушылықтарды аудиторлық актіде көрсетпеу» үшін өзіне 200 мың теңге пара ұсынылып отырғанын жеткізеді. Кейін департамент қызметкері пара алып жатқан жерінде ұсталып, 3 жылға сотталады. 12 миллион теңге айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынан да айрылған. Ал бұған жол берген басшыны қызметтен қуу ұсынылды. 

Болат Исақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігінің БҚО департаментінің басшысы:

Бұл жерде ол мемлекеттік қызметшіге заңмен жүктелген міндеттер мен талаптарды өрескел бұзып отыр. Осыған байланысты облыстық ішкі мемлекеттік аудит басқармасы бастығының орынбасарына тәртіптік шара қолданып, қызметінен босатуды ұсынамын. Өйткені бұл әрекеті мемлекеттік қызметшіге лайық емес.