Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әлеуметтік желілердің жұмыс істемеуіне Ақпарат және коммуникация министрлігінің қатысы жоқ

AstanaTV
08.06.2018ж. 20:00
2647
Әлеуметтік желілердің жұмыс істемеуіне Ақпарат және коммуникация министрлігінің қатысы жоқ

Кешкілік кейбір әлеуметтік желілердің жұмыс істемеуіне Ақпарат және коммуникация министрлігінің қатысы жоқ. Бұл мәселені себебін бірлесіп анықтауға әзірміз. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді.

Бүгін министр "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына жазылған азаматтармен кездесті. Жастар кеден саласын инновациялық цифрлау туралы жобаларын қолдау сұрай келген. Жаңадан ақпараттық портал тіркеуге кедергі болмайды ма деген журналист те жазылған. Жекеменшік газетке жазылушылар санын арттыруды сұраған бас редактор да Қызылордадан хабарласты. Министрден сапасыз әншілерден эфирді тазалауды сұрағандар да болды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Ұнамаған нәрсені тыңдамау керек, қарамау керек, оқымау керек. Ол өздеріңіздің таңдауыңыз. Бұрынғы Совет үкіметі сияқты мына газетті оқисыз, мына әншіні тыңдайсыз деу бізге де оңай болар еді. Сіздер өздеріңіз таңдауларыңыз керек. Ұнамаса, тыңдамай-ақ қойыңыз.