Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елде кітапханаларды заманауи білім орталықтарына айналдыру кезең-кезеңмен жүреді - М. Әшімбаев

AstanaTV
11.06.2018ж. 20:00
4057
Елде кітапханаларды заманауи білім орталықтарына айналдыру кезең-кезеңмен жүреді - М. Әшімбаев

Елдегі барлық кітапхана заманға сай жаңғырады. Білімге құштар адамдар үшін кітапхана тек кітап оқып кететін жер емес, жайлы демалыс орны мен өзекті тақырыптарды талқылайтын пікірталас алаңдарына айналуы керек. Алматы облысындағы жаңа әдіспен жұмыс істеп жатқан кітапханамен танысқан Партия төрағасының бірінші орынбасары осылай деді. Сондай-ақ партия аутизммен ауыратын балаларға көмек беріп отырған қордың әлеуметтік жобасына да қолдау көрсетпек. 

Жақында есігін айқара ашқан бұрынғы Жамбыл атындағы кітапхана жастарға арналған қызықты лекциялар мен өзекті тақырыптарды талқылайтын пікірталас алаңына айналған.  Ескі кітап сөрелері мен мерзімдік басылым залдары еуропалық коворкинг орталықтарының деңгейінде қызмет көрсетеді. Мұнда жылдам интернет пен тыныш аймақтар қарастырылған.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында елімізде білімге деген құштарлықты қалыптастыру. Сондықтан енді осы бағытта біздің партиялық жобамыз - кітапханаларды жаңғырту. Осының аясында біз кітапханаларды заманауи білім орталықтарына айналдыруды жоспарлап отырмыз. Енді бірден 4 мың кітапхана осыған айналдыру қиын болар. Десе де біз оны кезең-кезеңмен бастап жатырмыз.

Кітапханаларды қайта жаңғырту - партияның жаңғыру аясында қолға алған 22 жобасының бірі. Осы үлгідегі орталықтар еліміздің өзге аймақтарында да пайда болады. Мәулен Әшімбаев бұрынғы форматта қалған кітапханалар желісін бірыңғай онлайн кітапхана жүйесіне өтіп, барлық кітап қоры электронды нұсқаға көшеді, дейді.

Партия төрағасының бірінші орынбасары «Милосердие» ерікті қоғамы» қоғамдық қорында болдыСоңғы 12 жылда аутизмге шалдыққан 1600 бала нақты көмек алған. Солардың бірі - кішкентай Қасым. Анасы ұлын соңғы үш айда осы орталыққа тегін емдеу-сауықтыру процедураларына әкеліп жүр. Екі жасар бала эмоционалдық көңіл-күйі тұрақсыз әрі сөйлемейтін болған.

Алтын Макарова, Алматы қаласының тұрғыны:

Осында келген үш айдың ішінде психологпен жұмыс істедік. Логопед маманымыз бар, монтессори кабинетінде жұмыс істеп жатырмыз. Соның арқасында қазір 14 сөз айтатын болды бала. Қазір көптеген ойындарға қосылады өзі. Адамдармен қарым-қатынасы жақсарды. Жалпы көмегі бізге жақсы болды, баланың жағдайы біршама жақсарды.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Жыл сайын қайырымдылық мақсатқа көңіл бөлетін адамдар саны артып келеді. Қаржыларын осы мақсатқа қиятындар шінде азық-түлік, заттай беретіндер де көп. Мұндай үрдіс қоғамды тек алға жетелейді.

«Нұр Отан» партиясының жанынан үкіметтік емес ұйымдармен ықтымақтасатын кеңес құрылмақшы. Ол мүгедектермен жұмыс істейтін ұйымдардың мәселелерін Үкімет деңгейінде көтеріп, қолдау жасауды көздемек.