Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Менингиттің ошағы аталған аймақта мешіттер жабылды

AstanaTV
11.06.2018ж. 20:00
3312
Менингиттің ошағы аталған аймақта мешіттер жабылды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының халқы Қадір түнін мешітте қарсы ала алмайды. Бүгін аудандағы Алла үйлері жабылды. Жергілікті билік пен имамдар мұны сақтық шаралары үшін қолға алып отыр. Бұл туралы ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы телефон арқылы хабарлады. Өйткені аймақта менингококк инфекциясына шалдыққан жігіт 4-ші маусым күні қайтыс болған еді.

Әбілғазы Төлегенов, Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

Бүгін Жаңағорғандағы үш мешіт жабылу мәселесі көтеріліп, келісілді. Оңдағы мақсат - мынау жұқпалы аурулардын алдын алу, ауамен тарайтын аурулардын алдын алу мақсатында үш күнге мешіт келісіліп, жабылды. Бұл жерде таруих намаз оқылмайды, сақтық шараларын күшейту мақастында осындай қадамдарға барып отырмыз.

Облыстық деңсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, менингит күдігімен  Жаңақорған кентінің тағы бір 26 жасар азаматы аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Облыс орталығынан жедел түрде оқиға орнына жеткен арнайы мамандар керекті анализдерін алған. Диагноз расталмады.