Бүгін
иісі мұсылман қауым қасиетті Қадір түнін қарсы алады. Бұл адамазатқа Құран
аяттары түсе бастаған қасиетті күн. Бұл түнде жасалған құлшылық мың айға, яғни
83 жылға тең. Қазір "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы студиямен
байланыста.
Жақияқажы Абдоллаұлы, Қадір түнін мешітте қарсы алу міндетті ме?
Жақияқажы Исмаилов,"Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы:
Құрметті халайық, көптен күткен Қадір түні де келді. Алла Тағаланың әмірімен бұл түнді құлшылықпен өткіземіз. Алла бұл түнді мың айданда қайырлы қылған, сондықтан бәріміз мың айдың құлшылық сауабын аламыз. Әлбетте, бұл түнде әр адам шариғат бойынша Құран бойынша міндетті түрде мешітке бармай, өз шаңырағында, өз ұжымында да өткізуіне болады.
Қадір түнін үйде қарсы алғандар не істеу керек? Және таңға дейін күту міндетті ме?
Жақияқажы Исмаилов, "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы:
Осы Қадір Түнін Құранда Алла тарапынан Жәбіреіл ә.с сәлемі таң атқанша жалғасады деген. Олай болса, Қадір түнін ғибадатпен өткізіп, міндетті түрде құран, намаз оқып емес, жалпы өзі тілімен шын ықылас ниетпен Алладан жалбарынып тілеу керек. Өзі, отбасы, елі, денсаулығы үшін тілеуге болады. Әлбетте, бұл Қадір түніндегі құлшылық-ғибадаты мен дұғалары Алла алдында қабыл болады.
Рахмет
кеңесіңізге. Студиямен байланыста болған "Ырыскелді қажы" мешітінің
Бас имамы Жақияқажы Исмаилов. Әзірет сұлтан мешітіндегі Қадір түнін қарсы алу
кешін "Астана" арнасының тікелей эфирінен түнгі сағат 12-де көре
аласыздар. Елдің бас мүфтиі сұқбат беріп, мешітте намаз, уағыз оқылатын болады.
"Астана" арнасы қосулы болсын!