Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Соңғы тәулікте менингококк инфекциясына күдікпен Алматыда екі адам тіркелді

AstanaTV
12.06.2018ж. 20:00
2138
Соңғы тәулікте менингококк инфекциясына күдікпен Алматыда екі адам тіркелді

Соңғы тәулікте менингококк инфекциясын жұқтырған деген күдікпен Алматыда екі адам тіркелді. Алайда диагноз әлі расталған жоқ. Үкімет қабырғасында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді. Бүгінде расталған диагнозбен 11 адам ем қабылдап жатыр. "Барлық науқастардың жағдайын өзім бақылап жүрмін",- деді министр. Бұған дейін елде осы аурудан 13 адам көз жұмған еді. Ал министр Алматы облысындағы Қаскелең инфекциялық ауруханасындағы жағдай дұрысталмаса, ол жабылып қалуы мүмкін екенін айтты.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

2017 жылдың қазан айында біздің Қоғамдық денсаулық сақтауды бақылау комитеті арнайы тексеріс өткізіп, әкімшілікке хабар берген кемшіліктерді жою туралы. Әкімшілік өзінің кепілдігін берген осы шілде айының аяғына дейін, бәрін жөндетеміз деп. Енді жөндетсе, ары қарай жұмыс істейді, бірақ жөндемесе, біз сот арқылы аурухананы жапқызу туралы қажетті шешім ұсынамыз.