Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Биыл 300-ден астам қызылордалық әскери борышын өтеуден жалтарған

AstanaTV
12.06.2018ж. 20:00
2598
Биыл 300-ден астам қызылордалық әскери борышын өтеуден жалтарған

Қызылорда облысында кәмелет жасқа толған 300-ден астам жігіт әскери борышын өтеуден қашып жүр. Енді олардың ата-аналарының есімдері БАҚ беттерінде жарияланбақ. Мамандар осындай шара қолдануды да қолға алған. 

Ғиззат Шалтықов, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

Көбісі балалардын түсінбей ма заңды, өйткені сол 309-дың біразы, 100-ден астамы әскери есепте аудандық, қалалық Қызылорда облысында тұрады. Өздері басқа облысқа кетіп қалған көшіп, әскери есептен шықпаған. Сол себептен олар сол тізімге қосылып кеткен. Студент болады, оқу орындарында оқиды күндізгі. Олар заң бойынша әскерге шақыруға жарамайды. Ал бірақ уақытысында өздерінің оқып жүр деген құжаттарын әкелмеген соң оларда сол тізімге ілініп к еткен.

Департамент бастығы әскерден қашқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Тіпті жалған құжат жасап алғандарға 2-7 миллион теңге аралығында айыппұл қарастырылған. Дегенмен көп жағдайда болашақ жауынгерлердің денсаулығы жарамайды екен. Көбіне көз, тері аурулары мен қан қысымы ауруларына шалдыққандар.